Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  164


Автор: Динара Мәлік

Қарлығаштың қанатында тілегім...

Қарлығаштың қанатында тілегім,
Сен де оны оқып қойдың білемін...
Періштелер пейіліме сүйсінсе,
Құпияңа кейіпкер боп жүремін.
Кірпігіңнен күлкі көрсем қуандым,
Саған шаттық әкелуге құмармын.
Таңмен тұрып, түргеніңде пердеңді,
Терезеңде тамшы болып тұрармын.
Хат жазуға сабырыңды сыйладың,
Қара көзге гүлдің шығын жинадым.
Түсіме кел түсіндірмей ештеңе,
Еркелетіп, есімді алып, сүй, жаным!
Қара түнге кетсем бе екен білінбей,
Құшсам деп ем, жүрсем деп ем түңілмей.
Мені өзіңдей сүйген адам болмаған,
Сүйгендер бар жүрегіме үңілмей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу