Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  63


Автор: Динара Мәлік

Мен сол күні сұлуланып...

Мен сол күні сұлуланып,
Қарай бердім жүзіңе жиі ұрланып.
Көкте тұрды Күн ием көмкеріліп,
Ұялшақтау қызының күйін бағып.
Мен сол күні күліп жүргем,
Кездеріңді ұмытып түңілдірген.
Саған деген сезімнің жалын болып,
Өзімді өртейтінін бүгін білгем.
Сен сол күні қарамадың,
Өзің жаққа құмартып қадаламын.
Қабақ түйсең-күйзеліп, күлгенің


күлімсіреп отырам бар амалым.
Сен сол күні бөлек едің,
Намыспенен ашуға бөгелемін.
Бүінгі азабыңды сезген болсам,
Сол түні құшағыңда сөнер едім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу