Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  98


Автор: Динара Мәлік

“Жаным” дегенің жалған ба...

“Жаным” дегенің жалған ба,
“Жарым” дегенің арман ба?
Тағы да сені сағындым,
Ойларға еніп алғанда.
“Сүйем” дегенің сөз бе екен?
Сендірген сезім көзде екен.
Тағдырым менің үйімде,
Талғамым неге түзде екен?
“Келем” дегенің-сендіру,
“Кетем” дегенің-көндігу.
Сағыныш сыры осы екен,
Сағымдай жолда бір қылу.
Бәрі де деймін бекер ме,
Таусылған үнім жетер ме?
“Сүйемін” деген сол бір жан,
Сый болмай маған кетер ме?
Уақытқа сыйған-заңдылық,
Сөндірер сосын жандырып.
Кең жүрек берген пендеге,
Дүниені қойған тар кылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу