Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  93


Автор: Динара Мәлік

Балалығым – үйімде еркелейді...

Балалығым – үйімде еркелейді,
Даналығым – сөйлеуге ерте дейді.
Бұл қала құшағыма кіріп алып,
Өзің болып өппейді, өртемейді.
Өзің құсап сүюге сескенеді,
Сенім серті бұл жақтан көшкен еді.
Мен егер сүйіп қалсам өзге жанды,
Даланың киесіндей кешпе мені!
Жүрекке жүрмесе де бұл -әмірім,
Шыдам боп, шың үстінен сына Күнім!
Желменен домалайды жалғыз басым,
Жанымның сая болар сыңары кім?
Барымды шашып алдым бір адамға,
Сезімде суыт келіп сынаған ба?
Өмірдей ойлануға дәрменім жоқ,
Әйел боп әлеміңді ұға алам ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу