Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  77


Автор: Динара Мәлік

Сен маған Өмір боп қарадың...

Сен маған Өмір боп қарадың,
Жүзіңнен жақсылық табамын.
Қалайша сезбейсің, қадірлім,
Өлеңге айналып барамын.
Тәкаппар тау сынды көріндің,
Басыңды сүйейтін Көгің кім?
Сен қалғып кеткенде қойныңа,
Жып-жылы жаңбыр боп төгілдім.
Мен саған бұлақтай көріндім,
(Бұлаққа қандырсын шөлін кім?)
Бейнеңді көшірдім кеудеме,
Тұтқыны боп алдың төрімнің.
Күйзелсем, Күнменен емдедің,
Шуақпен шыңдалып гүлдедім.
Адамға айналған жүрегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу