Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  95


Автор: Динара Мәлік

Тілекке түнеген тамшымын...

Тілекке түнеген тамшымын,
Кеудемді күдіктен аршыдым.
Қағазға қармандым, жалған жоқ,
...Төгіліп бар шыным!
Қапасқа қамалған үнімнің,
Зарынан шошындым бүгін мың.
Кетем деп бәрінен қашқанмын,
...Етегіме сүріндім...
Тірлікке бұрылып жанарым,
Тағы бір жылусыз қарадым.
Анам тұр алыста жетті үні,
«...Отыңды өшірме, қарағым»!
...Қиялға сабақтас сырымның,
Бөлектеу екенін ұғындым.
Жырдың да отынан тым бөлек,
...Ошағым отына жылындым...
Сансыз ой санама соғылдың,
Тағдырды қай жаққа жорырмын?
Үстімде сағыныш көйлегім –
...Күз болып кезерген қоңыр мұң...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу