Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  114


Автор: Исламғали ҮРКІМБАЙҰЛЫ

Күндер өткен қарағым, бұдан жаман...

Күндер өткен қарағым, бұдан жаман,
Қарсағы мен түлкісі бұлаңдаған.
Артта қалды жымысқы езуінен,
У тамшылап тұратын жылан заман.
Жылап-сықтап өткеміз одан да аман,
Сары аюға деп пе едім бодан болам...
Еркіндік ап ес жиған кезімізде,
Бола қояр деймісің одан жаман.
Бұла көңіл бұлқынып нені іздеді?
Уайым мен қуаныш егіз бе еді?
Жеріміз кең болғанмен санымыз аз,
Бірер ғана тамшыдай теңіздегі.
Тамшыдан – көл, ал көлден теңіз толар,
Аман болса, жалғыз да сегіз болар.
деген іміт жүректі жұбатады,
жұбатпасақ құдай-ау, неміз қалар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу