Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  107


Автор: Исламғали ҮРКІМБАЙҰЛЫ

Өтіп жатқан әр сағатты жоғалтып...

Өтіп жатқан әр сағатты жоғалтып,
Болмағандай маған, саған, оған түк.
Мәз боламыз жаңа күнге асығып,
Алатындай өмір-жасты жаңартып.
Біздер солай жаралғамыз,
Несі бар?
Өткен күнге өкінбе,
Тек есіңе ал.
Қап, дейтіндей есең кетсе,
Есесін,
Келер күннің есебінен шешіп ал.
Күнің түгіл, қалды қанша жылың да,
Қарттық есік ашқаны ма, шынында?!
Аяқ-қолдың азайса да икемі,
Кәртеймеген секілдімін ырымға.
Қызық десе, жалын атып жанарым,
Ашылады «араным» да, қабағым.
Әзілімді түсінбеген келіншек,
«Ата» десе, намыстанып қаламын...
Келер күннен күтуменен жаңалық,
Жан жүргенмен...
Бірте-бірте тән арып.
Бұрынғылар кеткен ізбен біз-дағы,
Кетеміз-ау,сағым болып таралып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу