Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  102


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Торығамын, тозамын тосын жайға...

Торығамын, тозамын тосын жайға,
Дертке дауа – бауырым, досым қайда?
Шарап неге ішесің деме маған,
Шарап ішкім келеді осындайда!
Торығамын, тозамын тосын жайға,
Тбіткен теңгеде, сосын тойда!
Жалғыз неге жүресің деме маған,
Жалғыз қалып үйренсең осындайда.
Торығамын, тозамын тосын жайға,
Ала көңіл ақ маңдай қосылды Айға.
Өлең қалай жазасың деме маған,
Өлең, өлең жазасың осындайда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу