Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  112


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Көше бойында сауда жүргізіп тұрған бойжеткенге...

Әдемі қыз,
жанарым тайып қана,
Мүсініңе тамсансам,
айыптама!
Құдайақы, ғажайып жан екенсің,
Сөз шырынын төгуге лайық, дара!
Сен шыққанда
алдымнан көлденеңдей
Білсең етті,
түсерім сорға нендей.
Бақытты бол,
мен бейбақ бұдан былай
Көрсем дағы
болайын көрмегендей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу