Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  138


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Шуағыңа мен бе екем бөленбеген..?!

Шуағыңа мен бе екем бөленбеген..?!
Сенің өзен, аспаның, төбең де - өлең.
Келдімұрат дегенде еріп кетер -
Бір құдірет бар сенде дегенменен!
Бір құдірет бар сенде дегенменен,
Сенсіз менің екпінім ерен демен.
Сенің жалғыз ұлың боп өлең жазып,
Сенің жалғыз ұлың боп елеңдегем!
Өмірімді өзіңнен көрем, көрем...
Сен дегенде өміршең өлең де – мен.
Келдімұрат дегенде еріп кетер -
Бір құдірет бар сенде дегенменен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу