Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  77


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Көңілімнің кіргізер бар шырайын...

Көңілімнің кіргізер бар шырайын
Бүршігіңді тезірек жаршы, қайың!
Көктеменің көзіндей жапырағыңа
Көктеменің өзіндей тамшылайын.
Көктеменің өзіндей тамшылайын...
Арашалап уайымнан алшы, қайың.
Ұсақталсам бөлінген бұтақ болып,
Бұлақ болсам көмілген аршылайын.
Бұлақ болсам көмілген аршылайын...
Қайың, қайың!
Бәріне ал, шыдайын.
(Таттанбай-ақ тұрғанда әр-шырайым)
Қатты болмай тұрғанда қамшыдайын...
Бүршігіңді тезірек жаршы, қайың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу