Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  74


Автор: Қалмаханбет Мұқаметқали

Қыздар соны қылады екен әлі аңыз...

Қыздар соны қылады екен әлі аңыз,
Қайдан саған ғашық болдым қара қыз...
Бір көргеннен жақсы көріп қалғандай,
Жалғыз сөзден суып кетті арамыз.
Ендігі сөз...
Жақсы көргем... жек көрем,
Жүрек жылап, жандүнием етті елең.
Саған деген сағыныш пен қимастық,
Қуатты екен өшігу мен өкпеден!
Бірақ...
Бүршік жарғанымен сембей гүл,
Қызыл арай шаты ымыртта сөнбей күн.
Сүйемін деп сендірмеймін ешкімді,
Сүйем деген сөзге және сенбеймін...
Махабаттың ақ байрағын оң ұстап,
Шейіт кеткен сияқтанам соғыста...
Мені қойшы, сен өкініп жүрмегей,
Тағдырымыз тағы біздің тоғысса...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу