Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  183


Автор: Несіпбек Айтұлы

Жапа шеккен ләйлідейін

Қара шашын жайып еді, болды түнек жапқандай,
Ақ дидарын бүркеп еді, өмір күні батқандай.
Көңілімнің кең даласын дүбірлетіп бір тұлпар,
Астаң-кестең ойран салып, аспанға шаң атқандай.
Жапа шеккен Ләйлідейін тілім-тілім бауырым,
Жанарымнан көз жасы емес сорғалап қан аққандай.
Уа, дариға, қатты ұйқыдан оянбады бақытым,
Зарлы үнімнен жаһан біткен жаңғырығып жатқандай.
Ей, даяшы, маған неге құймай қойдың толтыра,
Қанша ішсе де қанып бермес тажалдан зыр каққандай.
Ынтықтырып осы сайтан әйгілі етті шаһарға,
Мұсылманды кәпір сүйреп, көше кезіп баққандай.
Қапаланып Науаидай сен мұңға батпа, ей, бұлбұл,
Гүлжәннатта жүрген шығар қайран ару ақ маңдай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу