Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  135


Автор: Несіпбек Айтұлы

Көңілімнің дәптерінде

Көңілімнің дәптерінде тек махаббат өлеңі,
Табылмайды одан өзге еш нәрсенің дерегі.
" Неге менің жүрегіме садақ тарттың?" деген ем,
"Сүр жебеде жазулы ғой, - деді, - барлық себебі".
"Қанша шахтың басы кетті канжығаңда?" деген ем,
"Талайымнан оқы, - деді, - білгің келсе сен оны".
Бамық пенен Мәжнүннен де мұңлық болған бұл басым,
Маңдайыма тағдыр жазған тауқыметке көнеді.
Ғашықтықтың дастанынан жүз мың бәле оқыдың,
Жадымдағы тағы жүз мың мазалаумен келеді.
Зардың үшкір қаламымен жүрегіме жазылған,
Қайғыға бай қазынамды үңілгендер көреді.
Менің тартқан дертім менен күйігімнің қасында,
Жақып батқан азап-сордың жүз есе аз көлемі.
Жас тәнімді тастаса да быт-шыт кылып кескілеп,
Әр бөлшегі күңіреніп қаралы үнге көмеді.
Махаббаттың оғынан мен өлдім, міне, қансырап,
Жырла, Науаи, тек осыны, басқаның жоқ керегі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу