Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  172


Автор: Несіпбек Айтұлы

Қайғы - менің қазынам

Акқу-қаздай айдынында жүзбесем де байлықтың,
Шашып-төгіп, шайқап ішіп, кілкілдеген май жұттым.
Пендеге тән күпірлікпен құмар ойнап көріп ем,
Қуаныштан жұрдай болып, есесіне қайғы ұттым.
Несібеме бұйырған соң қайғы - менің қазынам,
Удың бетін у қайтарса, ауыр дерттен жазылам.
Құдай өзі беріп жатса, артық дәулет бас жармас,
Адамзатқа не нәрсенің молы жақсы азынан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу