Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  485


Автор:  Жанар Ешназар

ҚАПА БОЛДЫМ


Сен мен үшін — биік едің, емен едің..
Тау тұлға!- деп, бойұсынып тереңдедім.
Бірақ әттең, құнтсыздығың аңғарғанда,
Құндылығың түкке тұрмай төмендедің..

Сен мен үшін — шынар едің, асқар едің..
Мойынымды иіп, саған тосқан едім..
Бірақ әттең, басқара алмас епсіздігің,
Көргенімде...
...кеудемнен "у" шашқан едім.

Сен мен үшін — барым едің, нарым едің,
Сені — жақсым, байлық, бағым, арым дедім.
Бірақ әттең, сенің үшін еш екенім,
Аңғарғанда..
..— Жәй бос кеуде, жарым! -дедім..

Жанар Ешназар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу