Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  86


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Бұл соңы емес

Қиыр-шеттеу, білеміз ара шалғай,
Бізге келген тәңірден шара сондай.
Бес күн жалған жолдарды үзбей тұрып
Армандардан жүрейік аласармай...
Санаулы өткен күндерден шаттыққа бай,
Жанымызға жұбаныш таптық талай.
Аспан мынау айналып түсердей ед
Бірімізді қалғанда сәт құптамай.
Жаратылған ақ нұрдан тұлғам көркем,
Өлеңіме қылығың ұрланды, еркем.
...Езулерді жүрекке іліп қойған,
Сағынамыз күндерді, жылдарды ертең.
Көзімізде тұрғанда жалын ұшқын
Табынушы – Ай, біздерге бағыныш Күн.
Ұмытпай жүр, арналған бір өзіңе
Бұл соңы емес, өлең мен сағыныштың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу