Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  150


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Адалдық-атым

Сен бекерге алтыным кектенесің,
Кигенім жоқ Алдардың бетпердесін...
«Кірлетті» деп ақ қағаз көңіліңді
Түлкі-ойдың соңынан текке ересің.
Ара-жікке дақ салар кез келмеді,
Сендік жүрек суықтау сезген нені?
Мүмкін уақыт сыз салды, (жалаң-пікір)
Болмағандай біздерден өзге ермегі.
Бұл сәттен де алатын жаза, мәлім,
Айтпайық тек қоштасу азалы әнін.
«Ол жанарын тайдырды, менен кенет»
Деп жаныңды, жарығым, қажамағың
«Алшақтады ардағым, сірә қалай?»
Деген ойлар берді ме шын абалай?
...Бізге бұлтын үйірген тұжырымдар
Барсын әрмен, жаныңды сығаламай...
Көзімнен көр, шын сезім парқын, көкем
Ұстанамын адамдық антын бекем.
Семен бірге қуану.... сүю, күю...
Түсінгенім... ол жүрек арқылы екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу