Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  63


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Қайтсек екен?

Қайтейін?
Жанымды ұғар адамды бақса күмән,
Теріс ойлар түгелдей тапса бұдан.
Қайтсек екен?
Қамалдық қара торға
Күйімізді жоғалттық шат-шадыман.
Әлі бойды билей ме,
Сенімсіздік?
Ұқтырғандай соны анық сері үнсіздік.
Желеу етіп жексұрын жанжалдың да
Қайта-қайта ентелеп шебін «сүздік».
Қайтсем екен?
Сезімімді өшпеген бұқсам ба әрі,
Кетер сонда көгіңді бұлт шалғаны...
Сенбеу, шөлдеу, теріс ой, қап-қара ыза
...Келтіреді жүрекке нұқсан бәрі...
Махаббаттың десек те құп, сынағы,
Махаббаттың кей кезде жүк шыдамы...
Жаным білсең күндегі кикілжіңдер
Сезімімді шамалы тықсырады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу