Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  75


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сәлем, сезім

Биылғы жаз өзгерек бұрыңғыдан,
Ғұмырымда өйткені, білінді мән.
Көріп сені сең ұрған жаным сергіп
Көктем кіріп көңілім тірілді, ұғам...
Жолап кетсем бойда қан ұйып қалып,
Басыламын өртеніп, күйіп барып.
Бір ғана сен, басқасы қараң қалар
Ойпырай ә, бұл жүрек сүйіпті анық.
Сені ойласам жан-тәнді ала бар құт,
Кетердей-ау менімен қала балқып.
Құрғақтыққа тап болған өрттей-ақ
Саған деген сезімім барады артып.
Жатса-дағы жолымда жау төселіп,
Махаббаттың жүрсе де әуресі еріп.
Елемеймін еш бірін, жүрегімде
Сен тұрғанда, жалғызым, сәуле сеуіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу