Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  90


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Тағдыр әлі біз?

Сағынышты тағынамыз моншақ қып,
Қиялдағы күлген бейнең, сол – шаттық.
Кездесулер ұзамаса, бір тілек
Қоштасу бұл, дедік іштей болса ақтық...
Тағы айларға арта салдық үмітті,
Уақыт-жалғау, уақыт кейде іріткі.
Сағындырған сезім емес Ұлы-күш,
Көрісуді тым ұзартқан Күн ұтты...
Қоңырауға жалғанар мың шақырым,
Дауысымыз, бара-бара ақырын...
Қос жүректі Сезім емес сенделткен
Қос жүректі тұқыртқанның аты – мұң...
Тағы да әлгі алдымызда күнтізбең,
Уақыт анау мұң жапсырған, күлкі үзген.
Келесі айды ыңғайлаймыз амалсыз
Кездесулер болар енді кім тізген?
Тағдыр әлде Біз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу