Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  60


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сен енді...

Сен енді оқымайсың мүмкін мені,
Ұрыс сол жеңді әсілі бір түндегі.
Ұғынсаң шабыт-асау, өлең-өмір
Дауысың, қылығың мен күлкің де еді...
Мен білсең мазасызбын, тым үрейлі,
(Көңілім күйі кетіп, үңірейді).
Тоқтамай өзіңе мың жыр жазар ем,
Тұрса ол табысудың құнына, игі.
Білемін, тіл тигіздік сабырға асыл,
Жүз сөктік, ұрыстың да қабырғасын.
Сезімді тәңір берген көміп келіп,
Ұйқыны өлеңменен таң ұрласын...
Өзіңсіз мұң жайлады сана төрін,
Өзіңсіз, өткен минут, сағат-өлім.
Қуаттап, әркез желпіп отыратын
Сен менің қаламыма қанат едің...
Жүрегім жетімсіреп, денем бөлек,
Жылайды, анығы жоқ менен көмек!
...Өзің кеп, құтқар жылдам, өртенуде
Жүректі арқалаған өлең-бөбек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу