Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  106


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Күдікті мен

Күдікті жүріппін-тұрыппын
Қүдікті бәрі де, о құдай!
Осы бір бәлекет күдіктің
Теседі жүректі оғы ұдай.
Күдікті бүгінім, кешегім,
Күдікті ертеңгі ғұмырым.
Бір бойда, неше мұң, неше мін
Күдікті – көп нәрсе, бір ұғым.
Күдікке көмесің, құр бекер
Күдікті тағы ұртта, таландыр!!!
Күдікке сенесің жынды етер,
Бірақ та, сенбейсің маған бұл...
«Күдікті» сүйемін, сеніңше
Жүректе кейіпкер мүмкін көп?
Осылай күдікпен «семірсең»
Сезімің, суиды біртіндеп...
Бәрі де, бәрі де, күдіктің,
Сендегі қиялда, өң емес.
Сенімді, сезімді құр үктің
Күдіктен, көз-соқыр, керең-ес.
Көрдік қой ұрыстың бар түрін,
Кінәні күнәсіз сімірем.
Күдікке айта сал, алтыным
Мен деген «аппақпын», шынымен!
Ех, күдік...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу