Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  92


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Өлең жазшы

Қолды біреу байлағандай, жүк-кісен,
Ауыр дерт жайлағандай бүк түсем.
«Өлең жазшы» дегеніңде, күрсініп,
«Түсінбейсің» деп шарқ ұрам, «түкті сен!»
Түсінбейсің? Өзімді ме? (Көмек бер...)
«Жыр жазуға кедергілер не?» деп көр,
Шыға берер жауабы жоқ, жауаптар...
Сосын тағы... Себебі жоқ себептер...
«Бас ауырды», «көзім талды», күнбе-күн,
Мың сылтаумен жыр түндігін түрмедім,
Өлең өлді, шабыт кетті өкіріп,
Ең, ең, білсең ауыр күнәм бұл менің.
«Жолды біреу тұсағандай»... Қой, жоқ, ә,
Түсініксіз бердім неге ой «жона»?
Күдік-күмән келемеждеп көңілді
Жыр туралы жар ниетті жойды о да...
«Өлең?» десең, мендік жауап «жоқ!» қана,
Ақталулар келе қалар топтана,
Бірақ, жаным жігерлендір, шабыт бер
«Өлең шығар», «жыр жаз» деуден тоқтама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу