Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  102


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Күн шығады сен болып...

Күн атады тек сенің елесіңмен,
Сен жоқ болған өмірді неге сүргем?
Бола алмайды, болмайды біл, жарықтым
Келесі – сен, содан соң
Келесі – мен!!!!
Күн шығады сен болып, күлім қағып,
Менің жаным деміңнен жылынған, ұқ.
Тату-тәтті өмірмен достасалық
Бар ғаламның қайтеміз, мұңын бағып.
Мұңын бағып, ұрыстың ізін бағып,
Сезіміміз кетті ме жүз ырғалып?
...Ақ алтыннан жасалған ақ періштем
Жүректегі орнадың құзырға нық,
Күн болып сен шығасың нақ төбемнен,
Тек өзіңнен ең ғажап бақ терем мен.
Айдан асыл, Күннен де ыстық отым
Туар алда шаттыққа сәт кенелген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу