Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  87


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сетінеген сезім

Шаттық-достан, бақыт-көштен жеке қап,
Қарт-өмірден бас сауғалау бекер-ақ.
Армандаймыз, қол қусырып, қадам жоқ
Бұйырса деп шырайлы отау, неке-бақ...
Бірақ...
Мұң-жел бос қиялды кетер ап...
Аңсай беріп, жүрек кетті жетімек,
Арамызда сезім де тұр сетінеп...
Ал біз болсақ ескі мұңлық сиямен
Тағдырға кеп арыз жаздық екі бет...
Бақыт күтер...
Көктен түсер көкірек...
Талас та жоқ, талап та жоқ, жігерлі
Артымыздан үміті өлік жүк ерді.
Махаббатқа мас болдық та, масқара
Салып алдық соры бесеу жүгенді.
...Іші қуыс Сезім туды,
Кім өлді?
Біз бақытты болсақ дедік... Білмеймін,
Туа берді терісі ұқсас бірдей күн...
Айырмасын білмей тұрып, адастық
Көлеңке мен күнгейдің...
Қойшы бәрін,
Мен ештеңе білмеймін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу