Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  66


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Өкінішті

Тағдырға өшігесің
Өкпе айтасың, өзіңе өш үмітпен.
Сезім деген әзірге кесір-есім
Зәрін шашқан өте ұзақ кеші күткен...
Мұншама налимысың?
Жүректегі кінә артып, кейіпкерге.
Санаңның да сор-қайғы қариды ішін,
Біз түсетін бақ деген ұйық «көр» ме?
Жүрегім езіледі,
Кеудеге кеп түскендей қап-қара тас.
Аңсап күткен әулиелі сезім елі
Қол сілтей ме жарықсыз жаққа қапас?
Ееех, бәрі жоғала ма?
Көзден ғайып бола ма бақыт бағы?
Жеткізбейтін жексұрын жол арада
Салып жатыр сезімді табытқа әне...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу