Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  139


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Аманат жүрек

Сүйіктіме асығып, бір өппеген,
Сағынышпен сиқырлы түнекке енем.
Соғып жатыр өзің деп білемісің
Кете жаздап жұлынып жүрек деген.
Жаным, сезші көңілдің бұл шаттығын,
(Тілеп жүрем таусылмас мың сәттігін).
Көп аңсаймын, ешкімге жеткізбестен
Ең шыңында бақыттың тұрсақ, күнім...
Мұңға толған кеудемде шегінді ағын,
Сезіндірдің ең тәтті сезім дәмін...
Өмір саған – сезімім мына менің!
Өмір маған – ендігі сенің барың!
Сағынышқа сәулелі сан арбалған,
Жауһардайын жүзіп жүр жанарда арман.
Ендігі, ерім, аманат жүрегімді
Аялай біл, ес-түссіз саған барған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу