Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  103


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Мұз-махаббат

Алданбайды, көңілім,
Семіп қалған,
Бір сыр жатыр жүректе, сен ұқпаған.
Күндеріме күлкісіз, күрең кілең
Солғын-қалам,
Шоқ-шабыт серік маған...
Сезінбеймін,
Мұз болды махаббат бақ
Ендігі өмір, қап-қайғы арқалатпақ.
Кеттік керім іші бір,
Сырты бөлек
Сағынышты сыңарлы әр тарапқа ап.
Өлді бәрі,
Өртенді бақыт-күймем,
Болғаны үшін осылай уақыт сый ма ең?!
...Сылтау іздеп, сүйіктім соға қалсаң
Шығара сал,
Мен жатқан табытты үйден




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу