Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  159


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Түссіз гүл

Біздің сезім – от шашу,
Біздің сезім – түссіз гүл.
Жалаңаяқ шоқ басу
Сосын елес, ізсіз, біл.
Біздің сезім – толған Ай,
Біздің сезім – шыққан Күн.
Көктен жеткен соңғы арай,
Түннен түскен құптан-мұң.
Біздің сезім – жанрсыз,
Біздің сезім – жоқ заңы.
Тойы-тыныш, бағы-үнсіз
Құпиялау ол жағы...
Біздің сезім – тұңғиық,
Біздің сезім – ұшар бас.
Құмарлығы – тым «биік»
Іңкәрлігі – тұсалмас...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу