Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  132


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Гүл жұмағым

Сенсің – кәусар бұлағым, бұлбұл – әнім,
Сенсің – отау, нұрланған гүл жұмағым.
Саған деген сезімім лапыл оттай
Сенсің мәңгі таусылмас мың құмарым...
Сен деп білем, Күн ертең күліп атса,
Құбылаға нұрланған түні батса.
Сен деп білем, ренжіген тас төбемнен
Қабат бұлттың қатулы түрі бақса.
Сен деп білем, самал жел сипап өтсе,
Ғажайыпқа жеткізген күй тағы өпсе...
Сенсің менің бүгінгі бар болмысым
Жүрекке егер, сенен тек, шипа жетсе...
Қиялымда сен деген самғап құсым
Арманымды арманға жалғатты шын.
Жаным, жаным жат қолға ұстатпасым
Қазынамсың, қымбатсың, ардақтысың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу