Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  125


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Иә, анашым,

Иә, анашым,
Алаңдайсыз жалғыз жүр деп сыртта әлі,
«Тойы қашан?» деп сұрайды жұрт тағы.
Жанын ұғар, өмір-жолдас жолықса
Ойлайсыз рас, ашылар деп бұлт-бағы.
Иә анашым,
Жылдамырақ тапса дейсіз, сыңар нақ,
Намазда да маған қос-қос дұға арнап...
Көңіліңіз кетер білем, кенеттен
Мені ойласаң, жанарыңда тұман қап...
Иә, анашым,
Жиі-жиі әкетпесін ой-арба,
(Деген сөзім жайсыз күйді жояр ма?)
«Күйеу деген күл астында» бұйырса
Жиғаныңыз шашылатын той алда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу