Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  106


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сұрғылт бөлме -2

Сұрғылт бөлме. Баяғы шұбар сағат
Сол бір күнә, жүректі тұрар сабап.
Отырамын сыр шертіп елесіңе
Шаршаған ой сенделіп, сұрар шарап.
Ізің қалды, үй алдын мекен еткен,
Ізің қалды, жүректе бекер өпкен.
Жанарыңа мұң-құсы ұя салып,
Ізің қалды, жар аяқ жеке кеткен...
Сан сұрақ жүр, сандалып санаңда-алап,
Сезім-әулие танытты жалаң қабақ...
Тілегіңді таптаған қызға тосын
Қалмады ма қолданар шараң да нақ?!
Жабартұғын жөн-жолсыз жала кем бе?
Бар күнәні себепсіз маған берме.
Бізге ашпаған сол есік-тағдырыңды
Тек қатты жаба көрме...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу