Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  90


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Кетпеші

Сезім бе? Сыртымнан жекіген,
Септі ме? қоштасу, мұң-әтір!
...Жалғызым, кетпеші, өтінем
Кетпеші, тұра тұр!
Несіне? Өшіге елітті ой,
Тоқтатып махаббат соғысын...
Мәңгіге анттасқан едік қой
Кетпеші, сол үшін!!!
Білсеңші, шабытты тұсаған
Өзіңсіз түн-дауыл, от-кешім.
Өле қал, демесең құсадан
Кетпеші, кетпеші...
Ендігі сезімім тұл деумен
Өртеніп барады – сом жүрек,
Өртеніп барады – бұл кеудем
Кетпеші, сұрайын соңғы рет!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу