Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  73


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Алтын жүлдем

Сенсің-бақ құс кеудеге кеп орнаған
Ақ жауыным ақ шаттық төгер маған.
Естимісің, пендеңнің бақытты үнін
Керең-ғалам!
Сен – дәрумен, жазатын жан жарасын
Тұсбағарым дәл тапты ханзадасын.
Тағдырымның бөлімі, өзің білгің
Жап-жаңасы!
Сен – ол жүлдем, жүрекке таққан алтын,
Көктемімсің гүлдетер ақпан артын.
Бақыт тойын өзіңсіз ымырт шақта
Атқарар кім?
Сенсің – шаттық, тым бөлек толғанысым,
Теңдесі жоқ бағалым, қолдағы шын.
Біз жолықтық, сезімді сәби-көңіл
Қорғау үшін!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу