Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  102


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Қоштасу

Ойлап мені,
қалқашым, құрақ ұшпа
Түсе алмаймыз, себебі бір ағысқа.
Сезіміміз көтерген ақ шаңырақ
Қалып қойды ой жетпес тым алыста...
Қоштасудың аттадық ала жібін
Енді бізге өмірдің ада жүгі.
Кезектескен күйініш-сүйініштің
Айыра алмай қалдық-ау ара-жігін...
Жалынғанмен болмайды жырым жұғым,
Жай таппаған жүректер жұлым-жұлым.
Қоя салу келмей тұр, қолымыздан
Болашақтың білсек те бұлыңғырын.
Ехх...
Күйімізді бұрқасын ұғынды кім?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу