Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  61


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Біртүрлі

Мен мұңайдым,
Жүрек бірге мұңайды,
Ұмыттырып, сағат, апта, күн, айды.
Өмір бұрап, жан жараның құлағын
Қасіретін қақтап берді былайғы.
Мен күлемін,
Мендік көңіл міз бақпай,
Кеудемдегі аз шаттықты мұздатты-ай.
Миымдағы құлпытасты кілті жоқ
Шалажансар бақыт-ұры бұзбақ қай?
Мен жыладым,
Жасымды ішіп, былтырғы,
Арман-көктің шықпай басы қырқылды.
Жансыз, тілсіз, жылуы жоқ қоғамда
Менің күйім сенікінен біртүрлі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу