Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  109


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Мұң шағу

Сүреңсіздік салқынын жоймағанда
Жарқ етеді бір үміт ой-даламда,
Сосын-сосын...
Отырам секем алып
Күмән іліп мақсатқа қойған алға...
Бардай әлі мен білмес ойран алда.
Жүдеу-жадау шағымда сенімге еріп,
Жүрегімнің кетсем деп шерін көміп.
Талпынамын,
Алайда бәрі бекер
Аздау күдік жабысар тегін келіп.
...Осылар-ақ қалғандай желімделіп.
Күндер өтті көшірме-бір сарында,
Жұмыс, тірлік, былықтың қыр соңында.
...Басымды ұстап,
Отырмын жер шұқылап...
Жаным құмар неге осы мұң шағуға?
Өмірімнің осындай гүл шағында..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу