Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  92


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Жүз ілініп ашудың тұзағына...

Жүз ілініп ашудың тұзағына,
Шаттық құйған сындырдым құт кесеңді.
...Шыдам біткен сезімің ұзады ма?
Бақытсыздық! Осы ма нүкте соңғы...
Алыстым деп арыстан алпыс оймен
Арандаттым сезімнің аражігін.
Тек қана айтып, жалпы сөз, жалқы сөйлем
Арқалаттым, өмірдің жаңа жүгін.
Кінәлімін, тигізді он жайт салқынын
Қайсы? Қандай? Білмеймін күш тежегі.
Күткеніміз бұл ме еді, айтшы, алтыным?
Көңілсіздік! Осы ма тұс межелі?
Махаббатым бар ғой бар, жүректе өшкір
Сан фактордан сәні ұшып шайқала жүр...
Мыстан-мұңға, өтінем тілектес, Бір
Қоштасуға ермеші, сайтан алғыр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу