Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  97


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Жалғыздықпен некелесу

Сабыр да кетіп шарасызданып,
Жаныңызды да шала сыз қарып.
Маған да айтпай, меңіреулікке
Жалғыздан жалғыз барасыз ба анық?
Аруыңыз да жолын іздетпей,
Кетті ме? Сонша сорыңыз көп пе-ей?
Үміт құсы ұшты, сүйгеніңізге
Қалған соң кенет қолыңыз жетпей.
Сезім самалы бекер ескені,
Қалды ғой жанның жеке кештері.
Сұп-суық тағдыр басынып, бәлкім
«Жалғыздықпенен некелес» деді...
Армандар алдап, қайғыға көміп,
Күш те кемиді, қаймығады ерік.
Осымен таң да атпай қалмайды
...Бірақ, біз қашан жай жылап едік???




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу