Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  95


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сарсаңға салма

Кенет күдік баяғы қылаң берсе,
Көкіректі беймезгіл күмән керсе.
Шаттығымыз шошиды, ырыс кетіп
Ашу-ілбіс көнбейді бір әлденсе...
Мәнсіз, дәмсіз сөздерге сыңар іздеп,
Білдіреміз, айтамыз сын, арыз көп.
Алысамыз ашуға қамшы салып
Бір жағына соғыстың шығамыз деп...
Сезімдерді осылай сарсаңға сап,
Керіс-ене аяғын алшаң басад.
Төзімдерді төңкеріп, ыза кернеп
Қабағымыз айтшы өзің қанша аңдасад?
Санада да сенделген ой-бұзақы,
Келісімнің шырағын қойды ұзатып.
Жаным, жылдам, сиқырлы амал тапшы
Жайсыздықты түбімен жойғызатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу