Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  100


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Босату

Өртенемін өзегінде сезімнің,
Күлім қалса шаша салғын көгіңе,
Жасым сіңген қабіріме бөз ілгін
Махаббаттың қойылмаған мөрімен.
Бармадық деп, басынбаймын, әріге
Бақыт мені жазбады ма көшіріп?
Нотасы жоқ бұл сезімнің Әні де
Айтылмады тағдырыммен қосылып.
Тұрмысымның түрі қашқан сыртына
Әкелді ме соңғы нүкте жол арбам?
Жүрек-жырым жанарына мұң тұна
Қарақшылар жұлдызына тоналған.
Ұшты, алысқа сезімді алып көгершін,
Тумайды енді мен көп күткен кемел күн.
Махаббатың жүректе өзге көгерсін
Ал сүйіктім кешіре гөр, мен өлдім…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу