Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  191


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Көлеңкелі өмір

Иә, пенде көп бетіңе күліп қарар,
Жылап жатсаң, көздерін жұмып қалар.
....Былай шығып кетеді, білмегенсіп
Бастап алып, дау-дамай бүлікті олар.
Сәті түссе сыртыңнан тас атқан әр,
Таныстарың, жығылсаң масаттанар.
Таққа отырар кезіңде іші жанып
«Боққа» отырар кезіңде жасап қалар.
Пайда әкелер шақ күтер, сүйкеніп-ақ,
Алға шапсаң ор қазып, сүйтері нақ.
Өсектеп ап артыңнан, арқа қағар
Қолын созар, алдымен итеріп ап.
Қайғы құшсаң, отырар өкінгесіп,
Бақытыңның білдірмей шетін кесіп.
Алла сақта, сырыңды біліп алып
Адамдардан кететін бетіңді осып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу