Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  76


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сүю деген

Сүю деген сұраусыз сананы ұрлау,
Сүю деген сол жанды ғана жырлау.
Күйіп-жану, алаулау, содан тәтті
Ләззат алу, ешқандай шара қылмау.
Сүю – көзін кенеттен ашқан бұлақ
Сүю – ғажап істерге бастар мұрат.
Сүю – бәрін елемеу, жер айналып
Жатса-дағы төбеңе аспан құлап.
Сүю – көкте қалықтау, Айға бару,
Сүю – жұлдыз шашыңа байлап алу.
Сүю – сынақ, білгенге сәтті-сәтсіз
Гүлдеп-жүдеу, түрлену, жайнап-ару.
Сүю – басқа салынған тегін құрық,
Сүю – туған санада сенімді үміт...
...Шынында да, тұрғандай сол адаммен
Дүние батып бақытқа, өмір күліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу