Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  76


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Нүкте

Өтірік өрге бұрса,
Шындықты күз кеп орар.
Сараңдық төрде тұрса
Берекең түзге қонар.
Ар-намыс қалса кейін,
Жалған іс қырындайды.
Туралық жанса қиын
Жалтақтық жымыңдайды.
Кеудеңді кек кернесе,
Дұрыс ой бұрыс келер.
Нәпсі-құрт шектелмесе
Шекеңді қылыш бөлер.
Астамдық үкім етсе,
Ақылың тапталады.
Қанағат күтімі өтсе,
Қиянат тақты алады.
Жүрміз-ау, «жалын» іздеп,
Сан күнә жүктеп алып.
Бір күні бәрімізге
Қойылар нүкте қанық....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу