Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  69


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Бір апта

Жалғамай біз тұрған мекенді із,
Қамалдық «үй-тірлік» – шаршыға.
– Қашан біз көрісер екенбіз?
– Сәл шыда!
Ертеді сағыныш өңі жат,
Аяусыз алдайды сағым құр!
– Қашан бұл бітеді жол ұзақ?
– Сабыр қыл!
Түндердің жамылып етегін,
Таңымыз таңдарға жұқпады.
– Қай күні жаныңа жетемін?
– Күт тағы!
– Қашанғы шыдаймыз?
– Аз қалды!
– Иә, солай, солайы бірақ та...
– Шын, сағат тек қазір қозғалды
Қалғаны бір апта!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу