Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  154


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Жаңа жас

Тағы бір жыл,
Осылай жүгіреді,
Жап-жаңа жас жап-жаңа жүк іледі.
Тағдыр-апам ауылдан келген қызды
Сары майдай пісірер күбідегі.
Тағы бір жыл
Өтеді қасын керген,
Жастық деген шығарып жасыл белден.
Асыр салған кешегі әйбат қылық
Жұрнақтарын жұртқа айтпай жасырды өңнен...
Жыл кетті ме?
Тағы да тізгін қағып,
Құрбылармен қағынар қыз күнді алып.
Қыс-қынжыла қоштасып, көктем-жылап,
Жаз-жабырқап қалды ма, күз-бұлданып?...
Жүрегімнің арқалап жұлым жырын
Қай жайлауға асықтың құлын-жылым?
...Ілескенде, әйтеуір, өмір-көшке
Абайсыз тек үзбесін ғұмыр жібін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу