Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  83


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Мазаламашы мені

Жүрсің маған жарамсыз текке өкпе іліп,
Көкейіңде тұр ма әлі кек кептеліп?
Каштым, кеттім, бәрінен бездім, білсең
Менсіздікке қалдың ба, ептеп көніп?
Қопарып кеп, көңілден өш қалдығын,
Түзіп жүрсің, сеземін, жоспарды мың.
Қорықпаймын, қайтадан, қаруланба
Тағдырымның көрермін тосқан күнін...
Тіпті темір таусылар жүре шыдам,
Мейлі, қайғы басыма тіле, сұран.
Жағама да жоқ жерден жармаса бер,
Енді менің жалауым – Күрес – ұран!
Босқа мені жазғырып, тым жүдеттің...
Соңғы күші құрыды тіл, жүректің.
Кеудеңе кеп жайғасты арыстан-кек
Ал менде ше? Қалды ғой күлдіреп мұң...
Мазаламашы мені...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу