Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  89


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Жүректер іздегенде

Бал сезім байлады көңілді,
Жүректі жайлады жұпар мұң.
Сабырдың себеті сөгілді
Өзіңді ойлаумен жұқардым,
Аспаннан төгіліп аппақ нұр,
Махаббат түсірді қақпан ап...
Не деген сәттер-ау, тәтті-ақ бұл,
Бір күндік – мың жылға нақпа-нақ...
Төзімге тоғытты қашықтық,
Сезімдер, сол ұтты – ұлылық
Шаттықты кеудеден тасыттық,
Сағыныш алдады ұры ғып...
Аралық – аспанды қақ бөлед,
Тулатып тамырда от ұдай.
Жүректер іздеген сәтте кеп...
Құшақтар қауышса, О, Құдай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу